Бұл туралы облыс әкімі Болат Бақауов қоғамдық кеңес алдында берген есебінде айтты.

-  Бүгінгі күні жалпы 33 тірек ауылдың 15-інде ветеринарлық пункт  жұмыс жасауда, - дейді Болат Бақауов. - Биылғы жылы тағы 18 ауылда осындай пункттер салынатын болады. Аграрлық саладағы тауар өндіруші шаруалардың арқасында бүгінгі күні облысымыз азық-түліктің негізгі түрлерімен толықтай қамтамасыз етіп отыр. Алдағы уақытта  ауылшаруашылық саласын жан-жақты дамытып, нәтижелі жұмыс жасау  басымды бағыттың бірі болып қала береді.

Сонымен қатар аймақ басшысы қызанақ және қиярмен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында маусымаралық кезеңге  екі жаңа жылыжай кешені ашылғанын атап өтті.

-  Енді біз тек қана облыстағы қажеттіліктерді жауып қана қоймай, осы өнімдерді Ресей Федерациясының шекаралас облыстарына да экспорттап отырмыз.  Сондай-ақ облысымызда қазіргі заман талабына сай көтерме-бөлшек сауда  нысандары есебінен сауда желісі кеңейтіліп келеді, - деді  Болат Бақауов.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz