Бес деректі фильмнен тұратын цикл "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасының әр қағидасын егжей-тегжейлі түсіндіруге бағытталған. Бұл туралы Ақпарат және коммуникация миистрі Дәурен Абаев "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында айтты, деп жазды bnews.kz.

"Біз тек мәтін және бейне графикамен шектеліп қалған жоқпыз. Мысалы биыл жастар арасында бағдарлама жасаушылар мен кәсіп бастаушылар туралы телехикая түсіріледі. Бес деректі фильмде "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасының бес бағыты толық түсіндірілетін болады", - деп атап өтті министр.
Министр күшейтілген ақпараттық-түсіндіру жұмысы дәстүрлі жолмен: баспасөз-мәслихаттары мен брифингтар, "сандық" өндіріске енгізудің нақты кейстері туралы жаңалық және сараптамалық бағдарламалардағы бейне материалдар арқылы жүзеге асырылатын болады дегенді атап өтті.

""Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыру енді басталып келеді, ал ақпараттық жұмыста, бірнеше қадам бұрын қимылдаған дұрыс. Бағдарлама басындағы сапалы ақпарттық қолдау мен дұрыс түсіндіру жұмыстары оның оң нәтиже көрсетуіне зор ықпал етеді", - деді министр.
Осыған дейін министр Дәурен Абаев келер жылдан бастап тіркелмеген телефондарға қызмет көрсетілмейтіндігін айтқан болатын. Ұялы телефондарды онлайн-тіркеудің баламалалы тәсілдері қарастырылуда.

Сондай-ақ, Дәурен Абаев Қазақстанда қанша абонент 4G қолданатынын туралы айтты.

pavlodarnews.kz

Тэги: