Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында жазды.

- Өкінішке орай, «Ертіс» пен менің жолымыз осы жерден тоқтайды. Клуб маған өз шешімін айтты. Мен оны мақтанышпен қабылдаймын. Күндердің бір күнінде командаға «Қош бол!» деп айтатын сәттің орын алатынын сезген едім. Осыған дейін Павлодардан кетіп көрсем де, бұл жолы маған өте ауыр тиді. Бұл қала менің жүрегімде сақталады, себебі мен «Ертісте» өте ұзақ уақыт өткіздім.

Осы өңірге өз пайдамды тигізе алдым деген ойдамын. Өйткені, командамен бірге екі рет қола, бір рет күміс жүлдегер атандым. Сонымен қатар, үш рет ауыр жарақат алып, көп мерзімді емделуден өттім.

... Футболшы өзін көргісі келген командада ойнау керек деп есептеймін. Сондықтан, қазіргі уақытта мансаптық жолымды қайда жалғастыратынымды ойланатын боламын. «Ертіске» тек сәттілік тілеймін. Жанкүйерлеріне айтар алғысым мол. Мен «қош бол» демеймін, «көріскенше, достар!», - деп жазды Лория.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: спорт