- Ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, әрбір тірек ауылдарда өздерінің ветеринарлық пункттері болады, - дейді аймақ басшысы. - Бүгінгі күні жалпы 33 тірек ауылдың 15 ауылында ветеринарлық пункт жұмыс жасауда. Биылғы жылы тағы 18 ауылда осындай пункттер салынатын болады.

Облыс әкімінің айтуынша, аграрлық саладағы тауар өндіруші шаруалардың арқасында бүгінгі күні облысымыз  өзін азық-түліктің негізгі түрлерімен толықтай қамтамасыз етіп отыр.

- Қызанақ пен қияр мәселесін шешу мақсатында маусымаралық кезеңде екі жаңа жылыжай кешені ашылды. Енді біз тек қана облыстағы қажеттіліктерді жауып қана қоймай, осы өнімдерді Ресей Федерациясының шекаралас облыстарына да экспорттап отырмыз. Біз үшін ауылшаруашылық саласын жан-жақты дамытып, нәтижелі жұмыс жасау  басымды бағыттың бірі болып қала береді, - деп атап өтті Болат Бақауов.

Абзал Қабраш
Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, ауыл шаруашылығы