Заманауи, халық биі және халықтық стилиязацияланған бидің түрлерін 32 ұжым сахна төрінде көрсетті.

Аталмыш би додасы Павлодар облысының білім басқармасының бастамасымен өткізілген болатын.

Бишілер әр түрлі жанрда өз шеберліктерін ортаға салды. Бұл күні Оқушылар сарайының үлкен сахынасында 52 би нөмірі ұсынылды.

- Біздің облысымыздың аудандарда өте көп талантты би ұжымдары бар екен, - деп өз ойымен бөлісті қазылар алқасының мүшесі, «JAM» заманауи би мектебінің негізін қалаушы Рулат Умарбеков.

Қазылар алқасы орта және жоғары жас ерекшелік санатында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.

Орта жас ерекшелік санатында үшінші орынды «Русская пляска» биімен Лебяжі ауданының өнер мектебіне және «Четыре двора» биімен Павлодар ауданы Шакат ауылына берілді.

Жоғарғы қатысушылар арасында үшінші орынды Павлодарлық № 29 және № 9 мектептердің ұжымдары бөліп алды. Бірінші би ұжымы «Из прошлого в настоящее» атты биін орындаса, екінші ұжым - «Соловушка» атты биін ортаға салды.

Орта жас ерекшелік санатында екінші орынды Ақсу қаласының балалар шығармашылық үйінің «Крещенский вечерок» атты биі және «Ива» өзбек биімен Екібастұз қаласының «Грация» би ансамбілі жеңіп алды.

Жоғарғы жас ерекшелік санатында «Венгерский» ұлттық биімен Павлодар қаласының №40 мектебі жеңіске жетті.

Орта жас ерекшелік санатында бірінші дәрежелі диплом «Стэпкамажай» биімен Баянауыл ауданы Майқайын кентінің би ұжымына және қазақ биі үшін Павлодар қаласының №35 мектебіне табысталды.

Жоғарғы жас ерекшелік санатында «Белорусская плясовая» ұлттық биімен Павлодар қаласының инновациялық үлгідегі №34 ЖОМ-нің «ЖаурАначак» би ансамбілі бірінші дәрежелі дипломмен жеңіске жетті.

М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының ең жарқын «Splash» заманауи би студиясына байқаудың бас жүлдесін иеленді. Енді олар «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-конкурсында Павлодар облысының намысын қорғайды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Би, Павлодар