Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қолайсыз метеожағдайлар Ақтау, Жаңаөзен, Атырау, Қызылорда, Талдықорған, Ақсай, Орал қалаларында атмосфераға ластаушы заттардың тарауына ықпал етеді.

Алматы, Ақтөбе, Астана, Көкшетау, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Тараз, Өскемен, Шымкент қалаларында метеожағдайлар ықпалымен ауада ластаушы заттар шоғырланады.

Еске салайық, ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар, атап айтқанда, жел соқпауы, желдің баяу соғуы, тұман, инверсия әсерін тигізеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: