Бұл туралы Павлодар облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

- Демалыс күні Көктөбе ауылының Целинная көшесіндегі жеке меншік үйдің ас бөлмесінен өрт шықты. Бөлме толығымен жанып кетті, салдарынан үйдің төбе жабындысы опырылып түскен. 85 шаршы метрге жайылған қызыл жалынды тоқтату үшін екі техника мен жеке құрамнан бес адам жұмылдырылды. 09:38-де оқиға туралы хабарлама келіп, 10:34-те оқшауланды. Тілсіз жау толығымен 16:20 минутта жойылды. Оқыс жағдайдың орын алуына пешті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігін сақтамау себеп болған. Зардап шеккендер жоқ. Шығын есептелуде, - деді мамандар.

ТЖД ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Качир ауданының Тереңкөл ауылында да пеш ақауы салдарынан төтенше жағдай тіркелген. Пушкин көшесіндегі жеке меншік үйде сағат 11:00 шамасында пештен ақау шығып, ысты газбен 1949 жылғы әйел адам уланып қалды. Зейнеткер ауруханаға жатқызылды. Мұнда өрт болған жоқ.

Абзал Қабдраш
Фото: kianews24.ru

pavlodarnews.kz

Тэги: Май ауданы, Качир ауданы, өрт