Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қандай жағдайда өтемақы ұсынылатыны туралы түсінік берді

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды, әлеуметтік қорғау туралы» № 1787- XII Заңы 1992 жылы 18-желтоқсанда қабылданды, өтемақы төлеу 1993 ждылдан бастап жүзеге асырылуда.

Бүгінгі күні Семей полигоны бойынша өтемақы төлеу бөлігіне заңнамада бір де бір толықтырулар мен өзгерістер енгізілген жоқ. Бұл біржолғы өтемақы өмірде бір мәрте беріледі. Қайта тапсырылған болса, төлеуден бас тартылады.

Барлық сұрақтар бойынша Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25, кабинет 103, Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіну қажет. Байланыс телефоны - 325780, 321820.

pavlodarnews.kz

Тэги: