Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Өрт туралы хабар сағат 03:55-те келіп түсті. «Format Match Company» ЖШС-нің ғимаратында екі компрессорлық қондырғы жанған. Жалынның өршуіне 30 литр көлемдегі майдың жануы әсер еткен. Апат 30 шаршы метр аумақты қамтыған. Оқиға орнына бір техника мен жеке құрамнан сегіз адам жұмылдырылды. Сағат 4:34 минутта өрт оқшауланып, 05:02-те толығымен жойылды, - деді баспасөз қызметінде.

Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Оразбек Саяхат
Фото: astana-akshamy.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: