Бұл туралы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Мейрам Нұғыман айтты.

- Мұндай байқау бірінші рет өткелі отыр, - деді Мейрам Нұғыман. – Қатысушылардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмайды. Сайыс  киім тігетін шеберханалардың арасында өрбиді. Тігін шеберханалары өз өнімдерін сахнада көрсетеді. Көрермендердің назарына ересектердің  және балалардың да киімдерін ұсынуға болады. Жеке адамдар да ұлттық киім тігіп, бір қатысушыны киіндіріп, өз туындыларын ұсына алады.

Мейрам Нұғыманның айтуынша, 22-наурыз күні тек үздік  жұмыстар халықтың  алдына шығады. Бұған дейін қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанынан құрылған арнайы комиссия іріктеу жасайды.

Былтырғы жылы үш киіз үй тігілсе, биылғы  жылы екі есеге арттыру жоспарланып отыр. Мереке күні орталық алаңда «Әз наурыз думаны»  шарасында жеті киіз үй  мен үш сахна орнатылады.

Киіз үйлерде ұлттық салт-дәстүр мен әдеп-ғұрып тақырыбында түрлі көріністер қойылады.  Сонымен қатар әртүрлі байқаулар мен спорттық сайыстар өткізіледі.

Оразбек Саяхат





pavlodarnews.kz

Тэги: