Облыстық  ІІД-нің хабарлауынша, Омбы - Майқапшағай  тас жолында, Железин ауданы Пятерыжск ауылының маңында ер адамның денесі табылған. Полиция қызметкерлері  Ресей Федерациясының азаматы  жол апатының  құрбаны болғанын анықтаған.   Бұл іске кінәлі  адам оқиға орнынан қашып кеткен.

- Оқиға орнына келген құқық қорғау органдарының қызметкерлері куәгерлерден сұхбат алды. Осының нәтижесінде қызметкерлер күдікті  «УАЗ 3962» маркалы автокөлікті іздей бастады. Көліктің бампері зақымданған және қанға ұқсайтын қара-қоңыр түсті іздері қалған, - деді ІІД-де.

Қызметкерлердің кәсіби іс-әрекеттерінің нәтижесінде Железин ауданының тұрғыны ұсталды. Кейін ол өзінің осы оқиғаға қатысы бар екенін  мойындады.

Ауыр қылмысты  ашқан полиция қызметкерлері  марапатқа ұсынылды.


pavlodarnews.kz

Тэги: