Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Қазақстан Алюминийі» АҚ айналаны қоршаған ортаны қорғау департаментінің басшысы Ринат Сарлыбаев айтты.

- Біздің шикізат табиғи алқызыл түсті, - дейді Ринат Сарлыбаев. -  Боксит Краснооктябрьск және Торғай боксит кен басқармасынан жеткізіледі. Шаңның біршама мөлшерде жайылуына рұқсат беріледі. Біздің кәсіпорында да   нормаланған көлемде шаң таралады. Бұл нормативтерге мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы  бар. Әсіресе, қыс мезгілінде  көзге анық  көрініп тұрады.

 Басқарма басшысы кәсіпорында орналасқан техникалық бақылау зертханасы атмосфераға өлшеу жүргізгенін атап өтті.

-  Егер де  концентрация  шамадан тыс артқан жағдайда қандай да бір қауіпті салдары туралы айтуға болар еді. Алайда  шекті рұқсат етілген концентрацияның артуы тіркелмеген, - дейді спикер.

Айта кетейік, қала тұрғындарының бірі М. Горкий және Марғұлан көшелерінің бойында 20-желтоқсан күні қардың алқызыл түске боялғанын суретке түсіріп алған.

Ақбота Сейсенбаева

Суретті түсірген Владимир Бугаев және ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: