Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Осылайша, ұлттық компания қазақтың ұлттық ойынын әлемдік көрмелерде насихаттамақ.
«Наурыз айында Германияда өтетін әлемдегі ең ірі туристік көрме - ITB Berlin көрмесінде барғалы отырмыз. Ондағы ұлттық павильонды киіз үй тәрізді құрып, ұлттық элементтерге басымдық беріледі. Павильон қонақтары қазақтың ұлттық аспаптарын жасауды, «Қара жорға» биін билеуді және киіз үй тігуді үйренетін болады. Одан бөлек, қонақтарға асық ойнатып, жеңімпаздарға асық жиынтықтарын сыйға тартамыз», - «Kazakh Tourusm» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Рашид Күзембаев Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Германиядағы көрмеден кейін асық ойындарын Қытайда, Гонкогта, Оңтүстік Корея мен Польшада өтетін көрмелерде таныстыру жоспарланған. Ұлттық компания өкілдерінің айтуынша, дәл осы көрмелерге өте көп асық қажет.

Рашид Күзембаевтың айтуынша, асық жинау науқаны жыл сайын жүргізіліп тұрады. Асықтың бүкіл әлемге таралуына үлес қосқысы келгендер арнайы орталықтарға келіп өткізе алады. Мұндай орталықтар Астанада және кейінірек өзге өңірлерде ашыла бастайды.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың желтоқсан айында асық ату қазақтың дәстүрлі ойыны ретінде UNESCO-ның Адамзаттың материалды емес мәдени мұрасы тізіміне енген еді.

Асық ату - көшпелі халықтардың ежелгі ойыны. Асық ойнау қолдың кіші моторикасы мен мидың дамуына септігін тигізеді. Когнитивті функциялар мен логиканы жақсартады. Асық ойынына әуес бала табанды, зерек, сабырлы әрі ұстамды болып өседі.

Фото: qamshy.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: