Алдындағы нұсқаларға қарсы екенімізді ашық айтқанмын, енді бұл нұсқаны қолдайтынымызды білдіремін. Өйткені, бұған дейін ұсынылған, бекітілген, сөйте тұра ауызекі тілде «сәбіз жазу», «сірке жазу» аталып, сынға ұшыраған нұсқаларға қарағанда бұл нұсқаның қолданысқа ыңғайлы екені байқалып тұр. 

Бұрынғылары компьютер тақталарын ұтымды пайдалану мақсаты көзделіп дайындалған болса, осы нұсқада тіліміздің ерекшелігі ескерілген.
Қазақ тіліне тән емес ю, я, щ тәрізді бөгде қарыптердің енгізілмеуі нәтижесінде әліпбидің 42 қарыптен 32-ге дейін ықшамдалғаны өте дұрыс. Тек кейбір әріпті басқаша таңбаласа тіпті дұрыс болар еді.
Айталық, жаңа қарыппен жазылған «ashana», «ashat» деген сөздерді «асхана», «асхат» немесе «ашана», «ашат» деп оқуға болады. Мұндай олқылық қазақ тілін жаңа үйренушілерге, мектеп оқушыларына қиындық туғызады. Келешекте осындай жағдайлар ескеріледі деген үміттемін.

Арман Қани, Қазақстан жазушылар Одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы, «Алаш» сыйлығының иегері

pavlodarnews.kz

Тэги: