Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

- Бесінші қабаттағы пәтерде бір шаршы метр  аумақ жанған. Оқиға орнынан облыстық балалар ауруханасына екі айлық қыз  бала жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша  өрттің  шығуына отты абайсыз қолдану себеп болған, - деді департаментте.

Ведомство ұсынған мәліметке сүйенсек, өрт сағат 13-05-те оқшауланып, сағат 13-12-де жойылған.

Тілсіз жауды ауыздықтауға  өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінен 18 қызметкер және бес  техника, апаттық медицина орталығынан үш  адам мен бір техника жұмылдырылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бүгінгі таңда 3-4 санаттағы күйік шалған қыз бала ауыр жағдайда. Жансақтау бөлімінде ем қабылдауда.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: