Бұл туралы агенттікке аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімі мәлімдеді.

- Елордамыз – Астана қаласының 20 жылдығы мен Павлодар облысының 80 жылдығына арналған бәсеке Қаражар ауылында өтті, - деді дене тәрбиесі және спорт бөлімінде. – Барлығы 11 командадан 60-тан астам үміткер қатысқан спартакиадаға аудан әкімінің орынбасары Әзілхан Әбеуов келіп, спортшыларға сәттілік тіледі. Қатысушылардың ең кішкентайы 18-дегі жаңажолдық Дархан Викторов болса, 64 жастағы Ақсаң ауылының зейнеткері Төлеген Төлебаев көпсайысқа қатысып 1-орын жеңіп алды.

Спорт бөлімінің хабарлауынша, спортшылар нысананы мылтықпен ату, күшті жетілдіру жаттығулары мен қашықтығы бес және үш шақырымдағы шаңғы жарысында өнер көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша  жалпы командалық есепте бірінші орынды Баянауыл ауылдық округі, екінші орынды Торайғыр ауылдық округі иеленсе, үшінші орынды Қызылтау ауылдық округінің спортшылары қанжығаларына байлады. Сонымен қатар, жарысқа белсенді қатысқаны үшін Майқайың кенті мен Ақсан ауылдық округі командалары мадақтама қағазымен марапатталды.

pavlodarnews.kz

Тэги: