Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2015 жылы екі банк арасында қарыз беру портфелі бойынша «Қазақстандағы Қытай банкі» 11,7 млрд теңгемен көш бастап тұрды. Бұл уақытта «Қытайдың сауда-өндірістік банкінің» қарыз беру портфелі - 10,4 млрд теңге. Бірақ, 2015 жылдың соңына қарай 38,7 млрд теңгемен «Қытай сауда-өндірістік банкі» көш бастады. Ал «Қазақстандағы Қытай банкінің» қарыз беру портфелі бұл уақытта 17,9 млрд теңге болды.

2017 жылы «Қытай сауда-өндірістік банкінің» қарыз беру портфелінің көлемі – 25,3 млрд теңге болды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 25,8% көп. «Қытай банкінің» несие көлемі бір жыл ішінде 1,8% өсіп, 12,7 млрд теңге болды.

2017 жылдың 7 маусымынан бастап «Қазақстан Халық банкі» China CITIC Bank Corporation Limited және China Shuangwei Investment Co. Ltd. компанияларымен «Altyn Bank» АҚ акционерлік капиталындағы 60% сатылым туралы келісімге қол қойды.

Бұл Қытай банктерінің ҚР банк нарығындағы үлесін 0,3%-дан 1,1%-ға көтеруге көмектеседі. Altyn Bank қарыз беру портфелінің көлемі үш жыл қатарынан өсіп келеді. 2017 жылы 8,1% құрап, 117,5 млрд теңге болған еді. Altyn Bank-тың ҚР ЕДБ несие беру нарығындағы үлесі бір жыл ішінде 0,7%-дан 0,9%-ға өсті.

pavlodarnews.kz

Тэги: