Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында жемқорлыққа қарсы арнайы мониторинг тобының мүшесі Рамиль Смаилов айтты.

- Сатып алушылар мемлекеттік қызмет көрсетілген сәтті видеожазбаға немесе үнтаспаға жазып алулары керек, - деді Рамиль Смаилов. – Дайын материалдарын Ugu.dgsp@mail.ru электронды мекенжайға жіберулеріне болады. Сондай-ақ материалдың мазмұнды, әрі түсінікті болуы үшін автор жазбаны ғимаратқа кірмей тұрып бастауы керек. Өйткені, жалған оқиғалар өрбітушілер табылуы мүмкін.

Конкурс бірінші сәуірге дейін жалғасады. Үш үздік жазбаның авторларына бағалы сыйлықтар табысталмақ.

Рамиль Смаилов сыбайлас жемқорлыққа куә болған жағдайда 1424 Сall-орталығына хабарласуға болатындығын айтты. Қоңырау шалу тегін және тәулік бойы жұмыс істейді. Сонымен қатар Whatsap желісіндегі 87474041424 нөміріне немесе https://www.facebook.com/profile.php?id=100023657030530&ref=br_rs парақшасына жолдауға болады.

Оразбек Саяхат
Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: