Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды.

«Төраға айтқандай («Қазақстан» РТРК» АҚ басшысы Ерлан Қарин - авт.) Нұрлан Қоянбаев «Қазақстан» РТРК бас продюсері қызметінен осы жылдың қаңтар айында кеткен болатын», - деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» баспасөз қызметінен.

Сонымен бірге, баспасөз қызметі Нұрлан Қоянбаев «Түнгі студия» бағдарламасын бұдан былай жүргізбейтінін айтты.

Айта кетсек, Н.Қоянбаев 2017 жылдың ақпан айында «Қазақстан» РТРК бас продюсері болып келген еді.

Фото: 1show.kz

 

pavlodarnews.kz

Тэги: