Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық команда Еуропа Лигасының 1/16 финалындағы жауаптық матчта португалдық «Спортингке» есе жіберді - 3:3. Еске салайық, Астанада өткен алғашқы ойын Станимир Стоиловтың шәкірттерінің жеңілісімен аяқталған еді - 1:3.

Осы маусымның қорытындысы бойынша «Астана» 8,18 миллион еуро ақша тапқан. Еуропа Лигасының топтық кезеңі басталардың алдында «Астананың» балансында 6,18 миллион еуро болған.

Үш рет жеңіске жетіп және бір рет тең ойын көрсеткені үшін қазақстандық клубтың бюджеті тағы 1,2 миллион еуроға артқан. «Астана» Еуропа Лигасының 1/16 финалының қатысушысы ретінде 500 мың еуро тапса, екінші орындағы топтан шыққаны үшін тағы 300 мың еуро алды.
Жалпы қанша табыс тапқаны маусымның соңында белгілі болады.

Фото: fca.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: