Бұл туралы Baq.kz inalmaty.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Білім берудегі жаңа технологиялар орталығының директоры Андрей Дупиктің айтуынша, қалалық басқарма өкілдері әлеуметтік желілердегі қауіпті топтарды анықтау мақсатында мониторинг жүргізіп отырады.

«Егер мұндай топ тауып алсақ, қатысушыларды анықтауға тырысамыз. Сосын топтың сілтемесін прокуратураға және ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне жолдаймыз. Сосын олар осы топты бұғаттап тастайды», - деді Дупик.

Өткен жылы мамандар осындай алты топты анықтады. Онда алматылық 600 оқушы болған.

«Біз олардың кім екенін білу үшін оқушылардың анкеталарын қала мектептеріне жібердік. Сосын 26 оқушының Алматыда оқитыны белгілі болды. Олардың ата-анасы балалары бұл топтарға байқаусызда кіргенін айтты», - деді мекеме директоры.

Аталған оқушылармен психологтар жұмыс істеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: