Бұл туралы агенттікке Железин аудандық газетінің редакторы Мухамади Хамитов айтты.

- Бізге Новосібір облысы Купинск ауданының «Маяк Кулунды» газетінің редакторы Галина Уткина достық қатынас орнатқысы келетіндігі жөнінде хабарлады, - деді Мухамади Хамитов. – Содан кейін айдарлармен ауыса бастадық. «Родных просторах» газетімізде «У наших соседей купинцев» айдарын енгіздік.

Айта кетелік, железиндік делегация Купинодағы «Халық достығы күні» мерекесіне қатысқан болатын. Ол сапар туралы «Маяк Кулунды» газетінде жазылды. Железинде 150 шақырым қашықтықтағы Новосібірдің бұл ауданында қазақтардың үлкен диаспораларының бірі өмір сүреді.

- Купинодағы қазақ диаспорасының өкілдері жергілікті өлкетану музейінің қызметкерлерімен бірге қызықты бағдарлама даярлады. Бағдарламада Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы айтып, қазақтардың бірнеше салт-дәстүрлерімен, тағамдарымен таныстырды, - деп жазады Тамара Ерохина новосібірлік газетте. – Купино ауданының басшысы Владимир Шубников қазақтар мен орыстардың арасында ғасырлар бойы мемлекеттік әрі, көршілік жылы қарым-қатынас орнағанын атап өтті.

Көрші аудандардың газет редакторлары ауыспалы айдарды тоқсанына бір рет шығарып отыруды ұйғарған.

- Біз қазір Купино ауданында туылып, Железин ауданына көшкен, Қазақстанда өз мансабын қалыптастырған адамдар жайлы дерек жинаудамыз, - деді Мухамади Хамитов. – Мысалы, оған Юрий Поминов жатады. Өз кезегімізде біз көршілерімізге Железиннің қалай өмір сүретіндігі және немен мақтанатыны жайлы айтатын боламыз.

Райымбек Дулат

pavlodarnews.kz

Тэги: