Байқауға жалпы орта білім беру мектептері мен Екібастұз, Ақсу, Павлодар, облыс аудандарының қосымша білім беру ұжымының 14 балалар театры қатысты. Әр ұжым 20 минутқа созылатын қойылымдарын ұсынды.

- Бес номинация бойынша қазылар алқасы жеті актерді белгіледі, - деді оқушылар сарйының әдіскері Әсел Аипова. – Ең үздік қыздың рөлі үшін марапатқа З.Ақышев атындағы Баянауыл мектебінің оқушысы Арнагүл Амангелді ие болды. Ер балалар арасындағы үздік рөлге – «Қайнар» оқыту-сауықтыру орталығының «Маска» театр студиясының тәрбиеленушісі Аңсар Жексен лайық деп танылды.

Фестивальдің қорытындысы бойынша, екібастұздық «Маска» театр студиясы республикалық кезеңге жолдама алды. Олар 31 наурыз күні Өскеменде өтетін байқауда өңір намысын қорғайды.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: