Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының департамент басшысы Муслим Даиров осылай деді. Қорғаныс министрлігінің өкілдері өткен жылғы жұмысты қорытындылап, биылғы жоспарын пысықтады. Бұдан бөлек, жиын барысында әскердің жасақталуы, медициналық комиссиялардың жұмысы мен мектепте ұйымдастырылатын алғашқы әскери дайындық шаралары да сөз болды.

«Астана мен Алматы және облыстардағы әскерге шақыру және әскери-дәрігерлік комиссиялардың төрағалары, қорғаныс істері департаментінің басшылары мен орынбасарларына нақты тапсырмалар берілді. Жалпы, биыл Қарулы Күштер қатарына 35 мың азаматты шақыру көзделіп отыр», - деді ҚР Қарулы Күштері Бас штабының департамент басшысы Муслим Даиров.

pavlodarnews.kz

Тэги: