Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.

«Мен үшін жақсы промоутерлік компанияны тапқаны үшін ең алдымен өзімнің менеджерлік компаниям Boxing Star LLC-ге алғысымды білдіргім келеді. Сол сияқты, Эдди Хирнге баспасөз мәслихаты үшін Қазақстанға арнайы келгеніне рахмет. Маған өз карьерамның алдағы дамуы қатты ұнайды. Себебі, бұл жиі бокстасу, ал әрдайым қозғалыста болу мен үшін тиімді. Оның үстіне, әкем әркез жанымда, мені жаттықтыратын болады», - деген қазақстандық боксшы Қазақстанның бокс федерациясына да алғысын білдірді.

Данияр Елеусінов әлем чемпионы атанып, жеңіске талай рет қол жеткізетініне сенімді екенін айтты.

«Мен құрамада жаттыққан кезде біз ештеңеден тарыққан емеспіз. Біздің дайындығымыз, жағдайымыз жақсы болатын. Енді кәсіпқой боксқа қадам басып отырмын. Өзіме сенемін. Жоғары көрсеткіш көрсетіп, әлем чемпионы атанып, бірқатар жүлделерді иеленемін деп сенемін, үміттенемін. Сол үшін де ауысып жатырмын», - деді Данияр Елеуіснов.

Журналистермен кездесу барысында Boxing Star LLC менеджерлік компаниясының директоры Зия Алиев отандасымыздың кәсіпқой бокста бірінші рет шаршы алаңға қашан шығатыны жайында айтып берді.

«28 сәуірде Нью-Йоркте Данияр Елеусіновтың дебюті өтеді. Осыдан кейін, 2 маусымда Лондонда Даниярдың екінші боксы өтеді деп белгіленіп отыр», - деді З.Алиев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Boxing Star LLC менеджерлік компаниясы . Бұл британдық танымал промоутер Эдди Хирн. Оның промоутерлік компаниясының қарамағындағы әлемдік жұлдыздардың бірі ретінде Энтони Джошуаны атап өтуге болады.

pavlodarnews.kz

Тэги: