«TOM: Tikkun Olam Makers» - «әлемді жақсы жаққа өзгерту» деген мағынаны білдіреді. Бұл жаһандық қозғалыс бірте-бірте бүкіл жер шарын қамтиды. Мұндай жобаларды 2014 жылғы АҚШ, Аргентина, Ұлыбритания, Израиль, Бразилия, Канада, Австралия және Вьетнам елдері өткізген.

Әлемді өзгертуге талпынған жастар 2017 жылы Қарағанды және Павлодарда мейкатонда бас қосты. Сол кезде «Жұмсақ экзоскелет» құрастырып, инсульт алған адамдарға арналған оңалту, арбалы-мүгедектер тұрмысын жақсарту үшін «Тік лифт шкаф», табанға ішінара ампутация ота жасатқан протезге ыңғайлы «Салым башмачок», зағип адам үшін «Функционалдық болжалды таяқ» ұсынды. Сонымен қатар тренажер Walk around оңалтудың бір бөлігі болып табылады.

Бұл жолы 10 мүмкіндігі шектеулі адам командалардың алдында тапсырма қояды. Мейкатон шеберлері ретінде студенттер, оқытушылар, дәрігерлер, инженерлер, робот техникасы, ІТ және басқа да мамандар іріктелген. Бұл жолы Астана (Назарбаев Университеті, Қазату), Павлодар (ПГПУ, ПМУ, ИнЕУ), Алматы (АЭЖБУ АТУ, КазНИТУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Қарағанды (ҚММУ), Өскемен (ШҚМТУ.Д.Серікбаев), Семей (СММУ), (РФ, Новосібір мемлекеттік техникалық университеті) командалары қатысады.
Биылғы кездесуге Ресей Федерациясының командалары да қатысады.

Еске сала кетейік, ТМД-дағы алғашқы мейкатон 2017 жылы жергілікті С.Торайғыров атындағы ПМУ-де өткен болатын. Бұдан кейін облыс әкімдігі мейкатонды халықаралық деңгейде өткізу жөнінде бастама көтерді.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам