Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тұзды көп мөлшерде тұтыну қан қысымы жоғары адамдар үшін аса қауіпті. Ұлыбритания және АҚШ ғалымдары осындай шешім шығарды.

Ғалымдар қан қысымының қатты жоғары болуы мен тұзды көп мөлшерде тұтыну арасындағы байланысты анықтады. Зерттеу жұмысына атсалысқан еріктілердің қан қысымы калий немесе жүрек-қан тамырлары жүйесіне пайдалы өзге заттар тұтынған кезде де қалпына келмеген.

Нәтижесінде ғалымдар күнделікті тамаққа 6 грамм тұзды қосып жеген дұрыс деген шешім шығарды. Зерттеу жұмысы барысында 40-59 жас аралығындағы 4 мың адамның күнделікті рационы бақыланды.

pavlodarnews.kz

Тэги: