Жасақ бастығы қатардағы Шәмші Шерәлі мен патрульдер Ілихан Ахметов және Оралбек Бейбарыс Астана қаласы Қарасай батыр көшесі маңындағы «Арман» дүкенінің жанында жалғыз жылап жүрген баланы көреді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Олар баладан ата-анасының қайда екенін сұрайды. Балақай есімі Әлішер екенін, адасып қалғанын айтады.

Ұландықтар дереу оқиға жайлы патрульдік топ бастығы кіші сержант Өмір Дауытбаевқа баяндап, баланы жақын маңдағы полиция блімшесіне жеткізеді. Арада екі сағаттай уақыт өткенде баланың ата-анасы табылады.

Әкесінің айтуы бойынша, Әлішер шаштаразға кеткен анасының артынан бармақ болып, көліктен шығып кеткен екен. Ал әкесі, кішкентай сәбимен көлікте қалыпты. Алайда, анасының қайда кіргенін байқамай қалған бала адасып ұзап кете берген. Ал әкесі, анасының қасында деген оймен алаңсыз отырған көрінеді. Кейін оның жоғалғанын біліп, екі сағаттай іздеп, әлекке түседі.

Ұландықтардың байқампаздығы мен шұғыл әрекетінің арқасында балақай ешбір жамақдыққа ұшырамай, аман-есен жақындарымен табысты. Әлішердің ата-анасы үлкен жауапкершілік танытып, дер кезінде көмекке келген әскерилерге ризашылығын білдіріп, бөлім командирінің атына алғыс хат жолдады.
Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам