Бұл туралы бүгін  өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында  облыстық  қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ирина  Сорокина айтты.

- Оның ішінде 32 шаштараз, 13 өндірістік зертхана, 60 амбулаторлық-емхана мен клиникалық-диагностикалық ұйым «ерекше тәртіп» бойынша тексерумен  қамтылмайды, - деді Ирина  Сорокина. –   Санитарлық дәрігерлер тарапынан қойылатын  талаптар 11-ден 1773-ге дейін төмендеді. Керісінше, сол қалпында қалған талаптар қызметтер мен техникалық процесстердің қауіпсіздігіне бағытталған.  Стоматологиялық нысандарға келетін болсақ, тексеру талаптары 83-тен 37 тармақшаға, стационарлар бойынша 83-ден 64 тармақшаға  азайды. Мұдай жағдай  бір нысанның басқа топқа ауысуымен байланысты.

 Департамент басшысы егер де бұрын ревизорлар жарты жылда бір рет стоматологиялық клиникаларды араласа, енді жылына  бір реттен артық бас сұқпайтынын атап өтті. 

-   Биыл санитарлық тексерулер екі есеге азайтылады.  Мәселен, 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында  жоспарланған тексерулер өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 27 пайызға  кеміген. Осылайша бизнес нысандарын тексеру өткен жылдан бастап сиреген, - дейді Ирина  Сорокина.  

 Ақбота Сейсенбаева


 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, санитарлық тексеру, стоматология