Қызметтегі жоғары жетістіктері үшін төсбелгілермен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен полицияда жұмыс істейтін нәзік жандылар марапатталды. Олардың ішінде жалғыз тергеуші әйел - Май ауданы ІІБ-нің қызметкері 34 жастағы Динара  Райымжанова.
 
-  Қылмыскерлердің жасаған  ісін мойындап, көзіне жас алатын кездері жиі болады, - дейді тергеуші. -  Жауап алу кезінде көбінесе  психологиялық жағдайына назар аударамын және адамның  жалған сөйлеп тұрғанын сөйлей бастағанда бірден білемін.

Динара  Райымжанованың пікірінше, погон таққан әйелдерге басшылық  жұмсақ қарайтын кездер болады, дегенмен олар да ешқашан сенімге секем  түсірген емес. Өз жұмыстарын жарғыға сәйкес  дұрыс орындайды.

- Менің үш балам бар, - дейді полиция капитаны. – Тұрмыста және үйде   барлығына үлгеруге тырысамын.  Өзімді басқа мамандықта елестете алмаймын.
Екібастұз ІІБ-ның аға тергеушісі 31 жастағы Мәншүк Дисупова да өз жұмысын жақсы көреді. Ол жуырда табельді қарудан оқ ату бойынша  өткен жарыста бірінші орынды иеленген және осымен үшінші мәрте спорттың бұл түрінен жеңіске жеткен.

-  Істі тергеу барысында табандылық пен шыдамдылық, ұқыптылық көмектеседі, - дейді Мәншүк Дисупова.  

Полиция капитаны отбасына және сүйікті ісі – табельді қарудан оқ атуға да уақыт табады. Облыстық сайыстарда ол 2010 жылдан бастап қатысады және үнемі үздік үштіктен орын алады. Өткен жылдан бастап полиция капитаны практикалық оқ ату бойынша спорт федерациясында шұғылданады.

-  Жылдам әрі дәл түсу үшін жаттығу мен қабілет керек, -  дейді Мәншүк Дисупова. -  Егер де  қару қолдану қажет болған жағдайда әлбетте пайдаланамын. Дегенмен оқ жаудырғым келмейді.


     
Әріптес әйелдер қауымын салтанатты шарада  өңірлік ІІД-нің бастығы, полиция генерал майоры Амантай Әубәкіров құттықтады. Ол өз сөзінде полицей ер адамдарға арулардан жинақылықты үйрену керектігін айтып, үлгі етті.  Облыста құқықтық тәртіп саласында ер адамдармен қатар  шамамен 600-ге жуық әйел жұмыс істейді.

 Томирис Бекжан

Суреттерді облыстық ІІД ұсынды

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, ІІД, 8-наурыз, мереке, полиция