Мемлекет басшысының Үндеуін облыс активі Достық үйінде талқылады.

Болат Бақауов әрбір тармақшаға толық тоқталып, 7-20-25 ипотекалық бағдарламасы, салық жүктемесін азайту, жоғары білім сапасын арттыру мен қолжетімділігі, студенттерге қолайлы жағдай жасау туралы айтып берді.

- Біріншіден, баршаңызды алдағы шуақты күндеріңізбен шын ниеттен құттықтауға рұқсат етіңіздер, - деді Болат Бақауов.  - Елбасымыз атап өткендей, Наурыз айының Тәуелсіз еліміздің күнтізбесінде ерекше орны бар. Қазақстандықтар үшін көктемнің бірінші күні – бір-біріне Алғыс айтумен басталады.  Президент 2018-2019 оқу жылдары қосымша 20 мың грант бөлуді ұсынды. Оның 11 мыңы - техникалық мамандықтар саласына бағытталған. Келесі оқу жылында инженерлер мен педагогтарға 200 грант бөлінеді. Өңірлік жоғары оқу орындарына ақпараттық технология мамандарын дайындауға, нанотехнология және робот техникасына көңіл бөлген жөн.  

 Аймақ басшысы Павлодарда жаңа жатақхана құрылысын жүргізу өте маңызды екенін атап өтті.

- Бүгінгі жиынның мақсаты күні кеше ғана Елбасымыз жариялаған бес әлеуметтік бастамасын одан әрі жүзеге асырып, нақты нәтижелерге қол жеткізу болып отыр, - деді Болат Бақауов. - Елбасымыздың халыққа жария еткен Үндеуі  еліміз үшін жаңа серпін берері сөзсіз. Әрбір қазақстандық, әсіресе жас отбасылар осы бастаманы қуана қолдайтынына сенемін. «Жеті - Жиырма - Жиырма бес» бағдарламасының ерекшеліктері: Жылдық мөлшерлемесі 7 проценттен аспайтын несие; Баспана алудың бастапқы жарнасы 20 процентке дейін; Несиені өту мерзімі мерзімі - 25 жылға  дейін. Осы бағдарламаны іске асыру тұрғын үй құрылысын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді, тұрғын үйге қолжетімділік ұлғая түседі. Жыл сайын облыста тұрғын үй құрылысы қарқын алуда. 2017 жылы 13 үй салынды, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 49% (пайызға) көп. Үстіміздегі жылы аймақта 300 шаршы метр тұрғын үйдің пайдалануға беру жоспарлануда.

С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың ректоры Гаухар Ахметова университет жаңа студенттер үйін салуға дайын екенін хабарлады. Оқу орнының жанында құрылысқа арналған алаң бар, енді жобалық-сметалық құжаттама дайындау ғана қалған.

- Техникалық мамандықтар бойынша білім алатын студенттер саны 30 пайызға артып, 4,5 мың адамды құрайды, - деді Гаухар Ахметова. - Бұдан басқа, біздің университеттің 860 орынға арналған екі студенттер үйі бар. Онда 1270 студент тұрады. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің де 847 орынға арналған екі студенттер үйі бар. Алайда қазіргі таңда  ол жерде 1034 адам тұруда. Екі мемлекеттік университеттің контингентін басқа өңірлерден келген жастар құрайды.

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Мемлекет басшысы