Жекелеген аумақтарда жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Қарағанды облысында желдің күші 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Қостанай облысында желдің жылдамдығы 23-28 м/с артып, жаяу бұрқасын болжанады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде түнде 18 м/с екпінде жел соғады, жаяу бұрқасын күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерін тұман басып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің екпіні 15-25 м/с артады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.


pavlodarnews.kz

Тэги: