Ерлер арасында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенті Виталий Пухкало алтынан алқа тақса, екінші, үшінші орынды Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтынан Наиль Башмаков, Владислав Ковалев алды.

Қыздар арасындағы өткен бәсекеде Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Анна Шевченко алтын алса, күміс медальды осы оқу орнының спортшысы Ирина Быкова иеленді. Жүлделі үшінші орынға Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының спортшысы Наталья Черных көтерілді.

Жарысты ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастыруда.
Марапаттауды Павлодар облысы білім беру басқармасының Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының басшысы Рахметула Қасқырбаев, жарыстың бас төреші Анатолий Свиридов жүргізді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Универсиада дипломдарымен және медальмен марапатталды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Универсиада, Павлодар, спорт