Жалпы командалық есепте ерлер арасында 388 ұпай жинаған Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының спортшылары жеңімпаз атанды. Екінші орынды 211 ұпаймен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері иеленді. Үшінші орынды 206 ұпай жинаған Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті спортшылары алды.

Ал, әйелдер арасындағы сында жалпы командалық есепте 275 ұпай жинаған Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясы студенттері жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші орынды 267 ұпаймен Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті спортшылары иеленсе, жүлделі үшінші орынға 258 ұпаймен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты спортшылары көтерілді.

Жарысты ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастыруда.

Марапаттауды Павлодар облысы білім беру басқармасының аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының басшысы Рахметула Қасқырбаев, жарыстың бас төреші Анатолий Свиридов жүргізді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Универсиада дипломдарымен, медальмен және кубокпен марапатталды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Универсиада, Павлодар, спорт