Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

-  Үйдің төбесі өртеніп,  толығымен опырылып түскен. Өрт сөндірушілер келгенге дейін облыстық балалар ауруханасына  70 пайыз күйік шалған 17 жастағы ұл бала жеткізілді. Қазіргі таңда жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр, - деді департаментте.

Сонымен қатар  оқиға орнынан  37 жастағы әйел адамның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына тұрмыстық электр құралдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Сағат 16.11-де орын алған өрт сағат 19.05-те толығымен сөндірілген. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан үш техника мен 11 адам жұмылдырылды.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, оқиға өрт, ТЖД