Альварестің сынамасынан кленбутерол деген тыйым салынған зат табылған, - деп хабарлайды tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Боксшының командасы мұны тағамнан еніп кеткен деп ақталып отыр. Канелоның екі бірдей допинг-сынамасынан осы тыйым салынған зат табылған.

Донованның пікірінше, Альварес жазалануы тиіс, себебі мексикалық препаратты қасақана қолданған болуы мүмкін.

"Кленбутерол - жеңіл препарат емес, еттен келді дей алмайсың. Бұл Амстердамда қаныңнан марихуана шығып тұрса да, тәтті наннан деп ақталғандай күй. Препарат майды жойып, бұлшықет массасын өсіреді және демалуға көмектеседі. Мұны қасақана қабылдасаң, қатты зақым келмейді. Өмір бойына шеттету", - деп жазды ол Twitter желісінде.

Боксшының бұл пікірін аса ауыр салмақта жұдырықтасатын америкалық Эдди Чемберс (42-5, 23 КО) қолдады, айтуынша, "Альварестің ісі" жазамен аяқталуы тиіс.

"Спортшы мықтылығын арттыру үшін әлдене қолданса, масқара болады. Бокс - бұл спорт, мұнда қарсыласыңа зақым келтіруің керек. Сондықтан допингпен ұсталсаң, ақталу емес, салдары болуы тиіс! Мексикалық сиырлар ақталу үшін жақсы сылтау болды. Алайда GGG - "Канело" жекпе-жегіне көп ақша жұмсалады, бірдеңе бола қалса сұмдықтың куәсі боламыз", - деп жазды Чемберс.

pavlodarnews.kz

Тэги: спорт