Акцияның мақсаты - «АНА» сөзінің құдіреттілігін, ұлылығын ұғындыру, Ананы сыйлауға, құрметтеуге үйрету, сонымен қатар тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу және қолдау.

Сайысқа 16-29 аралығындағы өңіріміздің жастары қатысты. Жоғарыда аталған тақырыпқа сай мемлекеттік тілдегі өлеңдерді басқарманың электронды поштасына жіберілу қажет болған. Шығармаларды жергілікті ақындардан құралған әділқазылар алқасы бағалады.

Барлығы 14 қатысушының ішінен I жүлделі орынды С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің І курс студенті Досжан Мұратбекұлы жеңіп алды.

II орынға«Қазақстан Электролиз зауыты» АҚ-ның қызметкері Арман Аушанов лайық деп танылды.
Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің ІІІ курс студенті Ләйлә Кірісханқызы III орынды иеленді.

Іс-шараға белсенділік танытқан қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар және алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.

pavlodarnews.kz

Тэги: 8-наурыз, мәдениет