Айта кетейік, жарысқа барлығы 14 бейнежазба келіп түсті.

- Сіздердің жұмыстарыңызда көріп шешім шығару қиынға түсті, бәрі марапатқа лайық. Біздің ізімізді басып келе жатырсыздар, жолдарыңыз ақ болсын, - деп тілегін білдірді Pavlodarnews.kz ақпараттық агенттігінің бас редакторы Светлана Воронова.

 

Нәтижесінде конкурсқа қатысқаны үшін Железин ауданының өнер мектебі мен №43 қалалық жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары алғыс хатпен марапатталды. Өз кезегінде №43 мектептің оқушылары агенттік тілшілеріне арналған өлеңдерін оқып берді.

Абай атындағы №10 мектеп-лицейінің оқушысы, 16 жастағы Әсел Мұқатова «Көрермен көзайымы» аталымына ие болды. Ол өз сұхбатында шахмат ойыны туралы баяндады.

«Ең кәсіби бейнежазба» номинациясы М.Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайына тиесілі болды. «Луч» шығармашылық ұжымы мен, «Игрик», «Қаламгер» студияларының балалары бірігіп, Павлодардың есте қалар жерлері жөнінде тамаша сюжет түсірді.
Оларға арнайы дипломдар мен мүсіншелер табысталды.

Үшінші орынды қысқы демалысы туралы сюжетте жануарларға деген махаббатын керемет видеошерумен тарқатқан Аңсар Айдарбеков жеңіп алды. Аңсарға жазғы ролик берілді.

Бір минутта өзін үш тілде таныстырып, үш көйлек ауыстырып үлгерген Баянсұлу Мырзаханқызы екінші орынды ұтып алды. Сурет салуды ұнататын қызға жеке сабақ үстелі сыйға тартылды.

Ал, бірінші орынға Юлия Кочнева мен бес жастағы Аруана Ермек ие болды. Юлия өз бейнежазбасында павлодарлық металлургтер саябағында өткен жылы балаларға арнап салынған сырғанақ жайлы баяндады. Ал, Аруана Ермек өзін таныстырып қоймай, еліміздің әнұранын да айтып, тапсырманы патриоттық тұрғыда орындады.

Екі жеңімпазға «Batyr mall» сауда ортылығына баруға 10 мың теңгелік сертификаттар табысталды. Қыздар өздеріне ұнаған киімдерін алып, ойын алаңында ойнап, тамақтана алады.

pavlodarnews.kz

Тэги: Pavlodarnews.kz, конкурс, қоғам