Осы күні аяулы әжелерімізді облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұлан Жазылбек, облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко, облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев және өзге де партиялықтар құттықтап шықты.

101 жастағы Александра Чиркова қонақтарды қуанышпен қарсы алып, сыйлықтарға дән риза болды. Өз кезегінде, ол нұротандықтарға көңіл бөліп құттықтағандары үшін алғыс айтып, еңбектеріне жеміс тіледі. Байдала ауылында тұрып жатқан тағы бір 101 жасар әже Хапиза Рахмет қазақтың қалыптасқан дәстүріне сай құрметті меймандарға шай беріп, бата тіледі. Илья Теренченко Хапиза апаның мойнына ақ жаулық жауып, зор денсаулық тіледі.

«Ел аналары» акциясы бүтін Қазақстан аумағында өткізілуде. Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен Лебяжі ауданының партия мүшелері қарт аналарды құттықтауда.

Фото: Валерий Бугаев және «Нұр Отан» партия облфилиалы

pavlodarnews.kz

Тэги: 8-наурыз, мәдениет