Аса тартысты өткен бұл сында ерлер арасында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің спортшылары Универсиада чемпионы атанды. 

Екінші орынға Қарағанды экономика университетінің студенттері көтерілді. Үшінші орынды Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты иеленді. Төртінші орынды С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті қанағат тұтты.

Жарысты ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастыруда.

Марапаттауды Павлодар облысының жастар саясаты бөлімінің «Жастар бастамаларын дамыту орталығының» атқарушы директоры Төлеген Айтбаев, Павлодар облыстық футбол федерациясының бас хатшысы Ескендір Агиманов және Павлодар облысы білім беру басқармасының Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының басшысы Рахметолла Қасқырбаев жүргізді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Универсиада дипломдарымен, медальмен және кубокпен марапатталды.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Универсиада, Спорт