Әйелдер арасындағы жалпы командалық жарыста Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттері жеңімпаз атанды. 

Екінші орында – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.

Қола медальді Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясының студенттері иеленді.

Төртінші орында - Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті.

Жарысты ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастыруда.

Марапаттауды Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті проректоры Александр Свидерский, Павлодар облысы білім беру басқармасының Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының басшысы Рахметолла Қасқырбаев және Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі Татьяна Денисова жүргізді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Универсиада дипломдарымен, медальмен және кубокпен марапатталды.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Универсиада, Павлодар, спорт