4x5 эстафеталық қашықтықтағы ерлер арасындағы шаңғы жарысында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші орынды Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің спортшылары иеленді. Үшінші орында - А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің спортшылары.

Ал, әйелдер арасында өткен 4x3 эстафеталық қашықтықта Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті чемпион атанды. Екінші орын да қожайындардың еншісінде. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті күміске қол жеткізді. Жүлделі үшінші орынды А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері иеленді.

Жарысты ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастыруда.

Марапаттауды Павлодар облысы білім беру басқармасының Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының басшысы Рахметолла Қасқырбаев, жарыстың бас төреші Анатолий Свиридов жүргізді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Универсиада дипломдарымен және медальмен марапатталды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Универсиада, спорт