Аса тартысты бұл сында жалпы командалық есепте Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты студенттері 255 ұпай жиынтығымен жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші орынды 172 ұпай жиынтығымен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық – техникалық университеті спортшылары иеленді. Үшінші орында – 140 ұпай жинаған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті спортшылары.

Сондай-ақ бұл сында өз салмақты дәрежесі бойынша Николай Мищенков (ҚМПИ), Дмитрий Богер (КГПИ), Антон Цуркан (АМПИ),Олег Сысолятин (КГПИ), Сергей Турмин (КГПИ), Илья Кангаш (КГПИ), Рамазан Зейдалиев (ШҚМУ) Универсиада чемпионы атанды.

Жарысты ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастыруда.

Марапаттауды Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Садық Мұстафаев, жарыстың бас төрешісі, халықаралық дәрежедегі төреші Серік Абдахин, жарыстың бас хатшысы Әділ Абдығалиев, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы спорттық шараларды өткізу зертханасының жетекшісі Бауыржан Рамазанов және тағы да басқа ресми тұлғалар жүргізді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Универсиада дипломдарымен, медальмен және кубокпен марапатталды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Универсиада, спорт, Павлодар