Ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) Өскемен- -Зыряновск-Қатонқарағай-Рахманов бұлақтары жолының Ушаново елді мекенінен Зыряновск қаласына дейінгі учаскесі жабық, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Казахавтодор» ЖШС деректеріне сілтеме жасап.

10 наурыз күнгі кешкі 23:20-дан бастап көліктің барлық түріне қозғалыс тоқтатылды. Аталған автожолдың Северное ауылынан Серебрянск қаласындағы бұрылысқа дейін 1017 жылдың қарашасынан бері тіркемесі бар жүк көліктеріне жол жабық.

Сондай-ақ қысқы маусымда жол қозғалысын қауіпсіз ету мақсатында Осиновский асуында да шектеу енгізілген.

pavlodarnews.kz

Тэги: