Оған еліміздегі ЖОО-нан ерлерден 16, әйелдерден 17 команда қатысты.

Бұл сында жалпы командалық есепте ерлер арасында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері 329 ұпай жинап жеңіс тұғырына көтерілді.

Екінші орынды 245 ұпаймен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық- техникалық университетінің спортшылары иеленді.

Үшінші орында – 221 ұпай жинаған Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті спортшылары.

Ал, әйелдер арасында жалпы командалық есепте 283 ұпайы бар С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің арулары алтыннан алқа тақты.

162 ұпай жиынаған Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық-техникалық университеті екінші орынға табан тіреді. 134 ұпаймен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті үшінші орынды еншіледі.

Жарысты ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастыруда.

Марапаттауларды Студенттер спорт федерациясының бас хатшысы Жаснұр Ақеділов, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының спорттық шараларды өткізу зертханасының бас жаттықтырушысы Марат Ашкеев, жарыстың бас төрешісі С.Соколов, жарыстың бас хатшысы А.Ушакова және тағы да басқа ресми тұлғалар жүргізді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Универсиада дипломдарымен, медальмен және кубокпен марапатталды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Универсиада, спорт