Еліміздегі ЖОО-нан 14 команда сапында ерлер мен әйелдерден 90 спортшы Универсиада медальдарын сарапқа салады. Байрақты бәсекеде орта қашықтықта, эстафета мен спринттық жарыстарда жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Алғашқы күні орта қашықтықта өткен жарыста ерлер арасында спорттық бағдарлаудан С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Александр Мирошниченко чемпион атанса, екінші, үшінші орынды Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің спортшылары Виталий Лукачевич пен Сәби Бекарыс иеленді.

Ал, әйелдер арасында өткен бұл жарыста С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінен Анастасия Очнева алдына жан салмады. Екінші орынды Қайнар университетінің спортшысы Махаббат Амрин алды. Үшінші орында - Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Марина Гришаева.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Универсиада, спорт