Оған еліміздегі жоғарғы оқу орындарынан ерлерден 24, әйелдерден 14 команда сапында 257 спортшы кілемге шығады. Байрақты бәсеке үш күнге созылып жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады.

Жарыстың салтанатты ашылуына Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының спорттық шараларды өткізу зертханасының жетекшісі Бауыржан Рамазанов, жарыстың бас төрешісі, халықаралық дәрежедегі төреші Қуаныш Наханов, қазақ күресінің тұңғыш президенті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор Ерғали Мухиддинов, жарыстың бас хатшысы Еркін Кәмшатов және Студенттер спорт федерациясының бас хатшысы Жаснұр Ақеділов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Универсиада, спорт