Атырауда тұңғыш рет әлеуметтік бәссауда ұйымдастырылды, деп жазады 24.kz. 

Мұның ерекшелігі сатылған бұйымдардың барлығы мүгедектердің қолынан шыққан. Мата, жіп, киіз бен жүн ағаштан жасалған бұйымдардың сапасы мен әсемдігі кәнігі шебердікінен бір мысқал да кем емес. Бұлай болатыны былтыр ғана облыста мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Қолтаңба» атты арнайы шеберхана ашылған. Бір жыл ішінде бұл шеберханада облыс орталығы және шалғай елді мекендерден келген 100-ден астам мүгедек жан шеберліктерін шыңдады. Кәсіп меңгеріп, бағыт-бағдар алды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде олардың жасаған бұйымдары бәссаудаға шығарылып отыр.

Гүлжан Жұмағалиева, қала тұрғыны:
- Бүгін осындай арнайы аукционға қатысқаныма өте қуаныштымын. Осы аукционда 3 картина алдым. Бұл картиналарды мүгедек адамдар жасаған. Өте тамаша, әдемі. Енді осы картиналар жақсы, бағалы жерге ілінеді деп есептеймін. Осындай аукциондар көп болса.

Күлбаршын Нұржігітова, «Мүгедек әлемі» үкіметтік емес ұйымының төрайымы:
- Біздің өңірде, Атырау қаласында бірінші рет өуде. Өздеріңіз көргендей мүгедек жандардың қолынан көп нәрселер келеді. Ол адамдармен яғни міндетті түрде күнделікті жұмыспен айналыссақ, оның нәтиесі өте жақсы болады деп ойлаймын өзім. Себебі осы жұмыспен айналысып жүргенімізге 15 жылдан асты.

pavlodarnews.kz

Тэги: