Оқу-жаттығуды өткізу орны ретінде Павлодар қаласының Кенжекөл ауылдық аймағы анықталды. Бұл елді мекеннің кейбір көшелері Шығыс Қазақстан облысындағы жоғарғы Ертіс сарқырамасынан келетін сумен басылу аймағына жатады.

Орталық алаңда қалалық шұғыл ден қою жасағының күштері мен құралдары байқауы өтткізілді. Тәжірибе бөлімінде бірнеше кіріспе және құтқарушылар сумен басылу аймағына жататын халықты эвакуациялау бойынша жұмыстарды орындады. Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің базасында эвакуациялық бекет жайылды.

Эвакуацияланған халық автобуспен алғашқы қажетті заттарымен ауылдық қабылдау бекетіне келіп жетіп, күту залына орналасты. Ветеринарлық қызмет жұмыскерлері ауыл шаруашылық жануарларды қауіпсіз жерге шығаруды ұйымдастырды.

Апаттар медицинасы орталығының және жедел құтқару жасағының қызметкерлері зардап шеккендерді анықтау, сондай-ақ шартты түрдегі науқас адамдарға және тасымалдауға жарамайтын ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетті. Ақпарат қызметі және дауыс зорайтқыш құралы бар машина эвакуация туралы құлақтандырды. Ауыл тұрғындары жүргізілетін оқу-жаттығу туралы алдын ала хабрландырылған және олар құтқарушылардың нұсқауларын сабырлықпен орындады.

Екінші кіріспеде шұғыл ден қою жасағы және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімінің техника күштерімен ауылдың көшелерінен қар шығару ұйымдастырылды.

Оқудың ең қызықтысы топырақты үйінділерді үю бойынша жұмыс болды. Камаздар және жүккөтергіш көліктер топырақты үйінділерді көтеру орындарына келіп, қойылған міндеттерін орындауға кірісті, 5512 әскери бөлімінің Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сумен басылатын үйдің ұзындығы бойынша үйіндіні үюге және құммен толтырылған қаптарды қалаумен жасанды бөгеттерді қалауға көмектесті.

Оқу-жаттығуға аумақтық Төтенше жағдайлар органының жеке құрамынан 250 адам және 70 бірлік техника жұмылдырылды. Жергілікті атқарушы органдарының, АҚ және ТЖ қалалық қызметтерінің, 5512 әскери бөлімінің Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жеке құрамының тартылды.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам