Синоптиктердің болжауынша, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Петропавл, Орал қалаларындағы метеожағдай ауада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қарағандыдан басқа қалаларда ауа температурасы минус 20-25 груадус суытады. Ал, Алматы, Ақтау, Астана, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Тараз, Өскемен, Шымкент, Талдықорған қалаларында ластаушы заттар атмосферада ыдырайды.

Аталмыш ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар (баяу жел, тұман, инверсия) ескеріледі.

pavlodarnews.kz

Тэги: